«Мектепке дейінгі және бастауыш  оқыту тероиясы мен әдістемесі» кафедрасы

 

 

050102-«Бастауыш сынып оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

Құрастырғандар: б.ғ.к., доцент м.а. Рысбаева Ғ.А., б.ғ.к.

 

Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2008. 7 бет.

Әдістемелік нұсқау «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәні бағдарламасына және оқу жұмыс жоспарына сәйкес құрастырылған.

 

Әдістемелік нұсқау «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен күндізгі бөлім студенттеріне практикалық сабақтарды орындауға байланысты барлық мәліметтерді қамтиды. 

 

Пікір жазғандар: Е.Б. Исаев б.ғ.к., доцент «Биология және Физиология» кафедрасының меңгерушісі

 

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде талқыланды хаттама №5 25.12.  2008ж.

 

Баспаға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология институтының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған (хаттама №5 «28» 12.2008 ж)             

 

 

 

Түсініктеме

 

Бұл әдістемелік нұсқау «Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы» пәнінен 050102-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері үшін дайындалған. Пән болашақ мұғалімдерді дайындаудың сапасын өсіреді.

Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтарын, нерв жүйесінің физиологиясын және мектеп гигиенасын, яғни мектеп үйіне, класс бөлмесіне, ауасына, жарықтығына, оқу-құрал жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптарды оқытады.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайларына ерекше көніл бөлінеді. Кейінгі жылдары Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасына валеологиялық мазмұнды мәліметтер қосылып беріліп жүр. Авторлар типтік бағдарлама жасау барысында валеологиялық бағыттағы тұлғалар тәрбиелеу мәселелері жөніндегі тақырыптарға көніл бөледі.

Тапсырмалары - болашақ мұғалімдерді балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу барысында пәннен алған білімдерін қолдануға үйрету, әсіресе оларды балалар мен жасөспірімдердің барлық морфофизиологиялық көрсеткіштері мен іс-әрекеттерінің жас ерекшеліктерін ұғып, соған сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарында гигиеналық нормалар мен талаптарды дұрыс ескеріп қлдануға баулу.

Бұл пәнді нәтижелі түсіну үшін бастауыш базалық білімі адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасынан, валеологиядан, әрі математикадан, физикадан, химиядан жеткілікті болғаны дұрыс. Педагогика мен психологияны және т.б. пәндерді танып білуге себебі болуға тиісті.

 

 

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

     Пәнді оқыту мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі жастағы өсу және даму зандылықтарын, нерв жүйесінің физиологиясын, эндокриндік бездердін жас ерекшелік физиологиясын және мектеп гигиенасын, яғни мектеп үйіне, класс бөлмесіне, ауасына, жарықтығына, оқу құрал-жабдықтарына қойлатын гигиеналық талаптарды оқытады.

         Пәнді өқытудың негізгі міндеттері - салауатты өмiр сүру үшiн организмде жүрiп жатқан физиологиялық процестердiң мәнiсiн, мағынасын, мазмұнын ашып көрсету және реттелу механизмдерiн түсiндiру арқылы болашақ мамандардың ой-өрiсi, бiлiм ауқымы кеңейедi. Алған бiлiмiн өз басының, отбасы денсаулығын сақтау және тәрбиелеу үшiн пайдаланады; болашақ мамандар ұрпақ жалғастыру саулығын сақтау, нығайту, тиiмдi тамақтану; көп таралған аурулардың алдын алу, өмiрге қатерлi факторларға қарсы тұру; шынығу, тән саулығын сақтау; дене және ақыл-ой еңбегi қабiлетiн белсендiру жолдарын бiлулерi керек.

 

Негізгі бөлім

Бөлім тақырыптары

1.ЖФм МГ мақсаты мен мiндеттерi, басқа ғылымдармен байланысы.

Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу. ЖФм МГ мақсаты мен мiндеттерi, басқа ғылымдармен байланысы. Балалардың мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы зандылықтары.  Жүйке жүйесiнiң физиологиясы.Жоғары жүйке әрекетi және оның жасқа сай ерекшелiктерi. Анализаторлардың жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы. Көру анализаторы, есту анализаторы. Жасөспірімдер эндокринологиясы. Ішкі секрециялық бездер. Гормондар. Тiрек – қимыл жүйесi, оның ерекшелiктерi. Адам қанқасы. Ет жүйесі. Дене бітімі.

 

2. Қанның жас ерекшеліктері. Қан айналу органдары.

Қан физиологиясы. Қанның жас ерекшелiктерi.Қан айналу мүшелерi.Жүректің құрылысы мен қызметтері. Қан және лимфа тамырлары. Тыныс физиологиясы. Тыныс алу физиологиясының жас ерекшелiктерi. Балалық кезендегі тыныс органдарының құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Мұрынның қосалқы құыстары. Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар. Оқу бөлмелеріндегі ауаның физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгерістері. Мектептегі жылу және жылу беретін құрал-жабдықтарға қойылатын гигиеналық талаптар. Ас қорыту физиологиясы. Ас қорыту мүшелерi, олардың жас ерекшелiктерi. Ас қорыту органдарының құрылысы мен қызметі. Ауыз құысындағы ас қорыту. Сілекей бездері. Зат және энергия алмасулары. Анаболизм, катаболизм. Зат алмасудағы ферменттердің рөлі. Энергия алмасуының жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы. Тамақтық заттар, олардың құрамы және энергиялық бағалылығы. Тамақтанудың тәртібі мен реті. Сыртқа шығару мүшелерiнiң жас ерекшелiктерi. Бүйрек тің құрылысы мен қызметтерi. Зәр шығару жүйесі. Терiнiң құрылысы мен қызметi, жас ерекшелігі. Терінің қорғаныш қызметі. Теріге ерекше күтім жасау ережелері. Шаш пен тырнақ гигиенасы.

Практикалық сабақтардың тақырыптары

1. Оқушылардың дене бітімін бағалау жолдары.

2. Антропометриялық әдісті қолдану

3. Тамақ рационы мен режимін бағалау

4. Оқушы тамағын санау сипаты

5. Мектеп жерін және үйін гигиеналық сипаттау

6. Оқу бөлмесінің ауасын зерттеу

7. Оқу процессін гигиеналық бағалау

8. Оқу бөлмесінің жарықтығына және жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

9.Сабақ кестесін бағалау

10.Оқушылардың жоғары нерв әрекетін анықтау

11.Акселерация мен ретардация

12.Жеке адамның гигиенасы

13.Энурез және оның түрлері мен себептері

14. Физикалық, химиялық жылуды реттеу жолдары

15.Үйде және мектепте оқушының жұмыс режимінің гигиенасы

 

СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары

1.Балалар мен жасөспірімдер организмдерінің өсу мен дамуының гетерохрониясы

2.Шартты рефлекстің пайда болуының жас ерекшеліктері

3.Орталық  нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы

4.Динамикалық стереотип-күн режимінің негізі

5.Сенсорлық қабылдаудың ерте балалық шақтағы ролі

6.Кеністіктегі көрудің жас ерекшеліктері

7.Тирек-қимыл аппаратының кемшіліктерінің алдын алу

8.Тамақтан ұлану және олардың профилактикасы

9.Эндокриндік жүйенің функцияларының жас ерекшеліктері

10.Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жас ерекшеліктері

11.Ерікті тыныс алуды реттеу

12.Терінің қорғаныстық қызметі

13.Жанұяның гигиеналық және рухани негіздері

14.Жаман әдеттердің профилактикасы

15.Ерте жыныстық қатынас жасаудың профилактикасы

 

1 Сабақ. Оқушылардың дене бітімін бағалау жолдары.

Дене бiтiмiнiң Ұзындық және ендiк арақатынасыны өзгеруiн ұш кезеңге бөлуге болады:  4 пен 6 жас арасында, 6 мен 15 жас арасында және  15 жас пен ересектiк кезең арасында.  Предубертат кезеңiнде жалпы өсу аяқ Ұзындығына байланысты болса, пубертат кезеңiнде кеуде Ұзындығының өсуiне байланысты болады.

Дененiң әр тұрлi бөлiктерiнiң өсу қисық сызығы, және де көптеген органдар өсуiнiң қисық сызығы балалар бойының өсу сызығымен сәйкес келедi. Десекте, бiрқатар органдар мен дене бөлiктерiнiң өсу сипаты басқаша да болып келедi.  Мысалы, жыныс органдары жыныстық жетiлу кезiнде қарқынды өсетiн болса, лимфа ткандары бұл уақытта өз өсуiн тоқтатып ұлгередi. 4 жасар балалардың басы ересектер бастарының 75-90%-iн қҰрайды. Ал басқа қаңқа бөлiктерi  4 жастан кейiн де қарқынды өсе бередi.

 

2 Сабақ. Антропометриялық әдісті қолдану.

Физикалық дамудың басты көрсеткiштерiне бой, масса және кеуде орамы мөлшерi жатады. Дегенмен, балалардың физикалық дамуын бағалағанда сомалық көрсеткiшиермен қатар (somo- дене) өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы,  жҰдырықты сығу кұшiне, стан кұшi сияқты физиометриялық көрсеткiштер мен сұйек-ет жұйесi дамуының, қантолу, майжиналу, көрсеткiштерi, жыныстық дамуы, дене бiтiмiнi ауытқулары сияқты соматоскопиялық  көрсеткiштерге де қарайды. Осы жоғарыда аталған көрсеткiштердi жетекшiлiкке ала отырып ғана балалардың физикалық даму дәрежесiн анықтауға болады.

Бiз жоғарыда  атап өткен адамдар даму көрсеткiштерi 19 ғасырдың ақыры, 20 ғасырдың басында қарқынды өсуi байқалған. Осы қҰбылысты акселерация қҰбылысы деп атайды (лат. accele-ratio— ұдеу). Сонымен қатар өсу мен дамудың тежелуi де болуы мұмкiн. Ол қҰбылысты ретардация деп атайды.

 

3 Сабақ. Орталық  нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің функционалдық маңызы.

Орталық нерв жұйесi орналасуына және қызметiне қарай орталық және шеткi нерв жұйесi болып бөлiнедi.   Орталық бөлiмiне жҰлын мен ми, ал шеткi бөлiмiне жҰлыннан шығатын 31 жҰп жҰлын ми нервтерi және мидан шығатын 12 жҰп ми нервтерi.

         Нерв жұйесiнiң қҰрылымдық бiрлiгi болып нейрон табылады. Адамда нерв клеткаларының жалпы саны 50 миллиардқа жетедi. Нейрон деп нерв торшасы мен оның өсiндiлерiнiң жиынтығын айтады.

   Нейрондар пiшiнi, көлемi жағынан әртұрлi. Әрбiр нейрон да денесi, қысқа өсiндiлерi-дендриттер, Ұзын өсiндi-аксон және аксон Ұштары-терминалдарын ажыратады.

Нейрон денесiнде протоплазма, ядро басқа клеткаларға тән органоидтар және тек нейрондарда кездесетiн тигроид (қарала) заттар болады. Нейрон өсiндiлерiнiң Ұзындығы 1 микроннан 1,5 метрге дейiн болады.

Әр нейронда бiр аксон, бiрнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесiнен басталатын жерi аксон төмпешегi деп аталады. Төмпешегi тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды.

 

4 Сабақ. Оқушы тамағын санау сипаты.

Организмнiң қалыпты тiршiлiгi ұшiн, оның өсуi мен дамуына ретiмен  белоктар, майлар, көмiрсулар сияқты органикалық қоректiк заттар, сондай-ақ минералды заттар, витаминдер мен су  келiп отыруы керек.

Ас қорытуы деп қоректiк заттардың физикалық, химиялық өңдеуден өтiп, олардың организмде сорылып, қанмен таралып, организмге сiңуiн айтады.

         Ауыз қуысында қоректiк заттар Ұсақталады. Адам сiлекейi қҰрамында органикалық зат муцин болады. Ол Ұсақталған қоректiк заттардың ылғалданып, өңештен кедергiзiп өтiп кететiн жылпылдақ тұйiрге айналдырады. ґңеш Ұзындығы адам өсуiне байланысты Ұзарып отырады. Ол жаңа туған нәрестеде 10 см болса, 5 жаста 16 см, 15 жаста 19 см, ал ересектерде 25 см-ге жетедi. Сiлекей бездерi балада туған кезден жҰмыс iстей бастайды. Бiрақ оның мөлшерi алғашқы айларда аз болады.

Жасы асқан сайын сiлекей мөлшерi Ұлғая тұседi. Тәулiгiне балалардан 800 см3-ке дейiн сiлекей бөлiнедi.

 

5 Сабақ. Мектеп жерін және үйін гигиеналық сипаттау.

 .       Әр класта 3-4 бойына сай келетiн балалар табылады. Сондықтан әр класқа соған сәйкес парта-столдар қойылуға тиiс. Оқушыларға отыратын столдары кiшкентайлық қылса ол үлкен мебелдерден әлде қайда ұтын әсер етедi. Егерде сәйкес парта-столдар табылмай жатса кiшкентайдан гөрi үлкендеу столдарға отырғызған жөн болады.

1-4 класс оқушыларына арнап парталар жасалынады. Оқушыларды арқасы жоқ скамейкаларға отырғызуға тиым салынған.  Ондай орындықтар тек шеберханаларға ғана рұқсат етiлген.

 

6 Сабақ. Оқу бөлмесінің ауасын зерттеу.

Бөлме iшiндегi ауаның таща болуы балалар денсаулығы мен жҰмыс қабiлетiнiң жақсы болуында маңызды орын алады. Бөлме iшiндегi ауа лас болса балалар қабiлетi нашарлаумен қатар әр тұрлi ауруларға шалдықтырады. Нашар желдетiлетiн бөлмелерде температура көтерiлiп, ауаның физико-химиялық қасиеттерi де нашаралайды. Адам организмi ұшiн ауадағы оң не терiс иондардың мөлшерiнiң бәрi бiр емес. Іалыпты ауада оң және терiс ион мөлшерi тең дерлiк. Ауыр иондардан жеңiл иондар көптеу болады.

Бөлме iшiндегi ауада терiс иондардың мол болуы адам организмiне жақсы әсер етедi.Аудитория iшiнде ауаның ионды қҰрамы нашарлаумен бiрге температура, ылғал мөлшерi көтерiлiп, көмiрқышқыл газ, аммиак, басқа да органикалық заттар көбейедi. Ол әрине балалардың ми қыртыстары жҰмысын нашарлатады. Сондықтан сабақ өтетiн класс, аудиториялардың ашылатын терезелерi мен еденiнiң ауданының арақатынасы 1:30-ға қатынасындай болғаны жөн. Бөлме терез мен iсiк бiрдей ашылып желдетiлгенi өте жақсы.

7 Сабақ. Оқу процессін гигиеналық бағалау.

Қандай да болмасын пәндердiң оқушыларға қиындығы мҰғалiмдерге байланысты екенi даусыз. Десекте сҰраулар мен оқушылардың орталық нерв жұйесiн зерттеулер бiр пәндердiң аздау, екiншi бiр пәндердiң тез шаршататынын көрсеттi.

         Басқа барлық жағдайлар бiрдей болғанда 1-5 класс оқушыларын сабақтан соң тексерулер математика сабағынан кейiн көбiрек шаршайтынын көрсеттi. Ал табиғаттану, биология, география, сурет сабақтарынан кейiн ондай шаршаулар байқалмайды.

Қалған пәндердi 5-10 класс оқушылары көбiне  3-iншi, 4-iншi дәрежеде қиындықтағы пәндер деп есептейдi.

Ауыр деген пәндер ұй тапсырмасын орындағанда да көп уақыт алады. Сондықтан осындай пәндерден қосымша сабақ та өтедi. Осындай пәндердi өткенде бiртiндеп, жұйелеп өту керек. Ауыр деген пәндердi сабақ басынан алыстау қойған сайын оқушылардың шаршай тұсетiндiгiн көрсеттi.

 

8 Сабақ. Оқу бөлмесінің жарықтығына және жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Бөлмелердi люминосценттi лампалармен жарықтандыру жай лампалармен салыстырғанда балалар жҰмыс қабiлетiне жайлы әсер етедi. Жарықтың бөлменiң бар жерiне  тең таралуы да балалар қабiлетiне оң әсер етедi. Бөлме iшiн, оған қойылған жиїаздар тұсiн ашық тұске бояу да балалардың жҰмыс қабiлетiне оң әсер жасайды.

Жарық жақсы десек те бөлмеге кұн сәулесiнiң тiкелей тұсуi, немесе ол сәулелердiң Ұзақ уақыт тұсiп тҰруы балалардың жҰмыс қабiлетiне керi әсерiн тигiзедi.

Бөлме iшiнiң табиғи жарық тұсуi жарық тұсетiн терезеден ең алыс жерде табиғи жарық коэффициентi 1,75-2,0%-ке тең болса қанағаттанарлық деп есептелiнедi. Табиғи жарық коэффициентi тҰрақты көрсеткiш. Ол ауа райынан, жыл мезгiлдерiне тәуелдi емес. Максимал табиғи жарық деңгейi 2000 лк деп есептейдi. Одан жоғары жарық адамдардың көру қызметi мен  жҰмыс қабiлетiне керi әсер етедi.

Балалар жұйелi оқуға көшкеннен кейiн оларға әсер ететiн басты нәрсе оның статикалық  компонентi. Төменгi класс оқушылары партада 4-тен 6 сағат, жоғарғы класс оқушылары 8-10 сағатқа дейiн отырады. Шындығында оқушылардың статикалық шыдамдылығы шектеулi, олардың қабылдау анализаторларының жастық ерекшелiктерiне байланысты организм шаршап қалады. Мысалы бiрiншi класс оқушыларының жиырылған бҰлшықеттерi 5-7 минуттан кейiн, екiншi класс оқушыларында олар 9-10 минуттан кейiн босаңси бастайды.  Оны сорттай  тҰрыс-отырысының (поза) өзгеруiнен, жыбырлап-қыбырлай бастағанынан аңғаруға болады. Оқушыларға қиыны қимылдамай, бiрқалыпты отыру. Төменгi класс оқушылары “тiк” тҰрысына 5-7 минуттан артық тҰра алмайды.

Оқушыларға өз денесiне сай келмейтiн жиїаздарда отыру одан да қиын. Ондайда да оқушылар қалыпты, дҰрыс  отыра алмайды да, ол әрине олардың сымбатының бҰзылуына әкеп соқтырады.

70 жылдардың басынан бастап оқушылардың өлшемдерiнiң 15 см-лiк шкаласы қабылданған. Ол шкала бойынша парталар мен столдар 5 топқа бөлiндi: А,Б,В,Г,Д.  Ал 1985 жылы “Мектеп жиїазы” стандарты қабылданды. Онда стол-парталардың 6 номерi қабылданды. Оқушыларды мектепке 6 жастан қабылдағанда оларға  мектепке дейiнгi жиїаздарды қолдану керек.

 

9 Сабақ. Сабақ кестесін бағалау.

Төменгi класс оқушыларының жҰмыс қабiлетi 1-2 сабақтарда жоғарылау, ал жоғарғы класс оқушыларының жҰмыс қабiлетi 2-3 сабақта жоғары болатыны байқалды. Ауыр деген пәндердi осы уақыттарға қою керек. Және  бақылау жҰмыстарын да осы сағаттарда алу керек.

Дұсенбi кұнi жҰмыс кұнiн дене тәрбиесi сабағынан бастау керек. Ол оқушылардың сабақ тәртiбiне бiртiндеп енуiн қамтамасыз етедi. Ал арада 4 кұн өткенде балалардың шаршай бастайтындығын ескерiп бейсенбi кұнi сабақтың ашық ауада, қозғалыста өтетiн пәндерден қою керек.

Ауырлығы әр дәрежедегi сабақтарды да сабақ кестесiнде  алмасып отыруын қамьамасыз ету керек. Ол да оқушылардың сабақ ұлгерiмiне оң әсерiн тигiзедi. Жеңiлдеу, ақыл-ой жҰммысы аздау пәндерге қолөнер, столяр, слесарь шеберханаларыныдағы сабақтар, дене тәрбиесi сабақтары жатады. Осындай пәндер ауыр деп есептелiнетiн пәндермен алмасып келiп отырғаны дҰрыс. Осындай пәндер алмасуы апта iшiнде де кезектесiп отыруға тиiс.

 

10 Сабақ. Оқушылардың жоғары нерв әрекетін анықтау.

Красногорский балалардың жоғарғы жұйке жұйесiн зерттей отырып, балалық шақта оның 4 типi болаиынын анықтады:

1. Кұштi, салмақты , елгезектiгi орташа , жылдам тип. БҰл типтегi балалар тәрбиеге оңай көнедi, алғыр болып келедi. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызматiмен жақсы бақылауға қойылған.  БҰл типтегi балалар жақсы сөйлейдi, сөз қоры да жетерлiк болады.

2. Кұштi, салмақты, баяулау тип. МҰндай балалардың шартты байланыстары баяулай орнығады. µмытылған рефлекстерде баулау қалпына келедi.  Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келедi. Олар сөйлеуге оңай ұйренгенмен, алдыңғылармен салыстырғанда баяулау сөйлейдi.  Кұрделi тапсырмаларды орындағанда активтi, және шыдамды.

3. Кұштi, Ұшқалақ, елгезектiгi жоғары, тежелуi қиын  тип. Олардың тежелу процесi жеткiлiксiз. Қыртысасты қызметi жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. МҰндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тҰрақсыз. БҰндай типтi балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан қҰбылыстарды қалт жiбермейдi, бiрден араласып кетедi. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенiн де байқамай қалады.

4. Әлсiз тип, елгезектiгi төмен. Шартты рефлекстер  баяу қалыптасады, тҰрақсыз, көбiне баяу сөйлейдi. Жеңiл тежелушi тип. Сырт тежелуi оңай болғанмен iшкi тежелуi әлсiз болады. Оны мҰндай типтегi балалардың жаңа жағдайға қиын ұйренуiнен байқауға болады. МҰндай типтегi балалар кұштi, Ұзақ тiтiркенiстерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

 

11 Сабақ. Акселерация мен ретардация.

Физикалық дамудың басты көрсеткiштерiне бой, масса және кеуде орамы мөлшерi жатады. Дегенмен, балалардың физикалық дамуын бағалағанда сомалық көрсеткiшиермен қатар (somo- дене) өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы,  жҰдырықты сығу кұшiне, стан кұшi сияқты физиометриялық көрсеткiштер мен сұйек-ет жұйесi дамуының, қантолу, майжиналу, көрсеткiштерi, жыныстық дамуы, дене бiтiмiнi ауытқулары сияқты соматоскопиялық  көрсеткiштерге де қарайды. Осы жоғарыда аталған көрсеткiштердi жетекшiлiкке ала отырып ғана балалардың физикалық даму дәрежесiн анықтауға болады.

Бiз жоғарыда  атап өткен адамдар даму көрсеткiштерi 19 ғасырдың ақыры, 20 ғасырдың басында қарқынды өсуi байқалған. Осы қҰбылысты акселерация қҰбылысы деп атайды (лат. accele-ratio— ұдеу). Сонымен қатар өсу мен дамудың тежелуi де болуы мұмкiн. Ол қҰбылысты ретардация деп атайды.

 

12 Сабақ. Жеке адамның гигиенасы.

Бiрiншi кезекте терiге, шашқа, тырнаққа қараудың гигиеналық талаптарын орындау керек; екiншi  қаңғып жұрген ит-мысықтарға жақындамау керек; ұшiншi класста болсын, ұйде болсын жҰмыс орындарын тҰрақты тұрде таза Ұстау керек.

Оқытушылар практикаға, экскурсияларға барғанда баратын фермалардың ауру-сырқаудан аман екендiгiн алдын-ала бiлiп алулары керек.

         Терiге қарауға мән бермеу оның қорғаныс қабiлетiн төмендетедi. Оның кiрлеп, микробтар мен қышыма ауруларының пайда болуына жағдай жасалынады.

        

13 Сабақ. Жанұяның гигиеналық және рухани негіздері.

         Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдете, сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады.

14 Сабақ. Физикалық, химиялық жылуды реттеу жолдары.

         Бастауыш сыныпта дүниетану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін   географиялық алаңның да өзіндік ролі жоғары. Геогрфиялық алаңда географиялық ұғымдарды кеңейту, түрлі аспаптарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында жұмыстар ұйымдастырылады. Географиялық алаң  шамамен 10х10 көлемді алатын алаң,тура ортасында гномон-ол күннің түсу уақытын , көкжиек бағытын анықтайтын құрал орнатылады.Жел бағытын, ауа температурасын, жауын-шашын көлемін анықтайтын құралдармен жұмыс жасай білуге  машықтанады.

 

 

15 Сабақ. Үйде және мектепте оқушының жұмыс режимінің гигиенасы.

  Жазу мен оқу гигиенасы. Жазу гигиенасы. 1-шi класс ұшiн жазуға ұйрену қиын процесс.  Жазуға дағдылану Ұзақ уақытты талап етедi.  БҰл балалардың морфофункциональдық ерекшелiктерiне байланысты. Олардың жазуға бiлезiгiн ұйретуi Ұзаққа созылады.

Олар жазған кезде қолдары тез талып қалады. Соған қорай қолдарын тура Ұстай алмайды, партаға тура отыруы бҰзылып кетедi.

Іолдары, саусақтары, бiлезiктерi қалыпты дамуы ұшiн 1-2 класс оқушыларының жалпы жазуы 7 минуттан, ұздiксiз жазуы 3 минуттан Ұзаққа созылмауы тиiс.Сабақта болсын, ұйде болсын  жазуды саусақтар гимнастикасымен алмастырып отыру керек.  Осындай 2-3 қайталап келетiн жаттығулар балалардың жҰмыс қабiлетiн арттырады.

Жазу дағдысы арнайы жаттығуларды талап етедi.  Атап айтсақ әртұрлi бағыттағы  штриховка:  солдан оңға қарай, оңнан солға қарай, төбеден төмен қарай, горизонт бойынша.  Ою ою, әр нәрселердi пластилиннен жасау, сурет салу сияқтылар да пайдалы, оқушылардың дәлдiгiн арттырады. 2-3 класстарда жазу Ұзақтығын 20 минутқа дейiн Ұзартуға болады.

Оқу гигиенасы. Оқу - 1-4 класс оқушылары ұшiн қиын жҰмыс. Көздi қозғайтын бҰлшықетке көп нагрузка-салмақ тұседi. °сiресе, көздi керi қозғау шаршатады. Іайта  жол басынан оқимын деп жұргенде келген жерiнен ажырап қалады. Төменгi класс оқушыларының көздi керi қозғауы жоғарғы кластағылармен салыстырғанда 10 есе жоғары. Осыларды ескерiп 1-шi класс оқушыларының оқу Ұзақтығын 7-10 минуттан, 2 класс- 15, 3 класс оқушыларының кiтап оқуын 20-25 минуттан асырмау керек.  Олар оқитын кiтаптар да полиграфиялық жағынан жақсы безенедiрiлген болуы шарт, әрiптерi iрiлеу болып келуi керек.

Жазғандағыдай көз бен кiтап арасы 1-4 класс оқушылары ұшiн 24-25 см, ал одан жоғары клас оқушылары ұшiн 30-35 см болуы керек. ДҰрыс жҰмыс қалпында болу организмдi шаршататын статикалық нагрузканы-салмақты (статикалық шаршау мөлшерiн) жеңiлдетедi. Оқу-жазу процесiн жеңiлдетедi.  Оптимал жҰмыс тҰрқы деп кеуденiң шамалы iлгерi  еңкеюiн айтады. Ол 700-қа сәйкес келедi. Кеуденiң одан еңкiш болуы организмнiң шаршауына алып келедi. Кейбiр оқытушылардың оқушылардан кеудеңдң тiк Ұстауын сҰрауы негiзсiз. Оқушылар сабақ ұстiнде отыруу қалыптарын өзгертiп отыруға мұмкiндiктерi болуға тиiс.

Теледидар сабақтары жұргiзiлгенде сабақ Ұзақтығы 20-25 минуттан артпауы керек. Оқушылардың теледидардан қашықтығы 2 метр мен 5,5 метр арасында болуға тиiс (экран диаметрә 59 см болғанда). Іойылған телодидар деңгейi көз деңгейiнен шамалы жоғары болғаны дҰрыс. Теледидар сабағынан кейiнгi сабақ онша көз кұшiн алмайтын сабақтар болуға тиiс.  Кино сабақтарынан жұргiзiлген тәжiрибелер көру арқылы танып-бiлудiң тиiмдiлiгi экран жарық деңгейiне байланыстылығын көрсеттi. Оның шектен тыс мол да, қара да болғаны тиiмдi емес.

 

Негізгі әдебиеттер

1.     Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985.

2.     Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.     Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999

4.     Афанасенко Н.М. Физическое развитие детей  и подростков. Киев..1998

5.     Гуминский А.А. Леонтьева Н.Н. ,Маринова К.В. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М. Просвещение, 1990.

 

Қосымша әдебиет

6.     Жұмабаев С.Ж. Жас ерекшелiктер физиологиясы.1997.

7.     Любимова З.В. Маринова К.В.,Никитина А.А. и др. Возрастная физиология, учебник 2-х т.-М. Владос,1999.

8.     Матюшонок М.Т.,Турик Г.Г. ,Крюкова А.А. Балалар мен жасөспiрiмдер физиологиясы  және гигиенасы./Аудармашылар : Тәжин О. және т.б. Алматы. Мектеп –1986.

9.     Сапин М.Р. ,Брыскина З.Г. Анатомия и физиология детей и подростков М. “Академ”,2000.

10. Ермолаев Ю.А. Возрастная  физиология .Учебное пособие для студентов педагогических Вузов .М.. Высшая школа,1985.

11. Хрипкова А.Г. Антропова М.В. Фарбер Д.А.Возрастная физиология и школьная гигиена.М. Просвещение,1990.

12. Дүйсенбин Х.Д. ,Алеакбарова З., Жасқа сай физиологиясы. Алматы, Бiлiм –2003.

13. Билич Г. М. ,Назарова Л.В. Основы валеологии С-Пт..1998

14. Брехман И.И. Валеология-наука о здоровье М..-1990

15. Брехман И.И. Введение в валеологию.Л., Наука .1987

16. Вайнер Э.Н. Общая валеология. Липецк, 1998

17. Вайнер Э.Н. Валеология ,Москва .Наука,2001

18. Колбанов В.В. Валеология С-Пт.-2001

19. Сатпаева Х.К. Валеология-наука о здоровье .Алматы. 1998.